Аким области посетил с рабочей поездкой Целиноградский и Коргалжынский районы

    Аким области посетил с рабочей поездкой Целиноградский и Коргалжынский районы

    Мемлекет басшысының ет импортын тоқтату және оны сыртқы нарыққа iрi жеткiзушiлерiнiң бiрiне айналу бойынша берген тапсырмасын жүзеге асыруға целиноградтықтар өз үлесiн қосуда. Атап айтқанда, Қабанбай батыр ауылында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин америкалық әдiс бойынша бiр мезгiлде 3000 бас IҚМ күтуге арналған бордақылау алаңының құрылысында болды, оны жүзеге асыру мерзiмi — 2018-2019 жылдар. Жобаның жалпы құны — 900 млн теңге, өндiрiс көлемi — жылына 1200 тонн IҚМ етi. Аяқталған түрде бұл 65 га алқапта орналасқан мал шарушылығы кешенi — бордақылау алаңы, база, малшылар үйi, әкiмшiлiк-тұрмыстық корпус, жем цехы бар жем дайындау мен сақтауға арналған ангар. Компанияның құрылтайшысы Целиноград ауданы «Агропарк» ЖШС директоры Бейбiтхан Қабдырахмановтың айтуынша, үстiмiздегi жылы олар құрылыстың 80-90% деңгейiне жетудi көздеп отыр. Жыл соңына дейiн бордақылау алаңында мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының 500 бас малы бордақылануда тұратын болады.

    Облыс әкiмi «Ен-дала» ЖШС-нiң бидай алқаптарында болды, оның қызметiнiң негiзгi түрi — өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы өнiмдерiн ет пен сүт өндiру және өткiзу. ЖШС-те егiн орағы науқаны қызып жатыр. Сүрлем алқабында пiскен «қарағанды» бидайы ЖШС басшысы Тимур Пiшенбаевтың айтуынша гектарынан 30 центнерден аса жиналады, астықтың клейковинасы мен натурасы жақсы.

    Кәсiби кадрларсыз ауылды дамыта алмаймыз. Жас мамандарды ауылда қалдыру үшiн астана маңындағы Целиноград ауданында бiраз жұмыстар жүргiзiлуде. Мысалы, Мәншүк ауылында меценаттың қаржысына бес пәтерлi жатақхана салынды, сметалық құны 50 млн теңге. Жаңа үйде 3 бiр бөлмелi және 2 екi бөлмелi пәтер, кең холл бар, онда кешке жиналып мерекелер өткiзуге болады. Ауласында балалардың ойын алаңы орналасқан. Айта кету керек, жаңа пәтерлерде жақында Астана қаласынан шақырылған информатиктер мен ағылшын тiлi мұғалiмдерi қоныстанады. Мұндай сыйлықты өз ауылына қазiргi уақытта Астана қ. тұратын «Bi Group» холдингiнiң құрылтайшысы Бауыржан Исабаев жасады.

    Қорғалжын ауданында облыс әкiмi Кеңбидайық ауылында болып реконструкцияланған су тарату желiлерiн аралап көрдi. 2011 жылы басталған және әртүрлi себептермен тоқтап қалған жұмыстары тұрғындардың қуанышына үстiмiздегi жылғы тамыз айында аяқталды. Ұзындығы 8,5 км су құбырымен қатар, су тартқыш, насос станциясы, су тығыздау мұнарасы, 13 колонка салынған.

    «Кенбидай Астық» ЖШС ауданның 2016 жылдан берi өз қаржысы есебiнен ғана дамып келе жатқан шаруашылығы. Бұрынғы кеңшар бригадасының орнында мықты кәсiпорын базасы құрылды: жұмысшыларға арналған жатақханасы бар кеңсе ғимараты, өз күшiмен тереңдетiлген ұңғыма, су тартылды, қазандық салынды, ауылдың кiшi станциясынан электр желiсi тартылды. Кеңбидайықтан он адамға жұмыс орны ашылды.

    Өткен жылы заманауи технология кешенiн қолдану арқасын 3 мың га алқаптан жақсы егiн жиналды. Екi «ХОРШ» егiн егу кешенi бар ЖШС шаруашылық базасын бұдан әрi кеңейтудi жоспарлап отыр. Одан әрi — сүт бағытындағы мал шаруашылығы, алқаптардың бiр бөлiгi — 595 га — жайылымға берiлген. Сонымен қатар, құрылтайшылар өз өңiрiнде туризмдi дамытуға үлес қосуды көздеп отыр — өз аумағында ағаштан қонақ үйлер салып жатыр.

    Екi ауданның активтерiмен кездесуде Мәлiк Мырзалин облысты дамыту үшiн маңызды мәселелердi көтердi. Бұл, ең алдымен, егiн жинау науқанын аяқтау, сонымен қатар, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау, ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ұтымды пайдалану. Бiрiншi мәселе бойынша диқандарға бәрi түсiнiктi — әр сағатты ұтымды пайдаланып, өсiрiлген астықты түгел жинап алу болса, қалған екеу бойынша жағдай мәз емес. Атап айтқанда, Целиноград ауданында облыс әкiмi өңiр облыс экономикасында маңызды орын алатынын активтiң назарына жеткiздi. Бiрақ АӨК еңбек өнiмдiлiгi мұнда облыстық орташа көрсеткiштен едәуiр төмен. Аудан диқандары 2 млрд 392 млн теңге субсидия алды, ал бюджетке салықтар 909 млн теңге, небары 38% түстi. Ал Қорғалжын ауданы, 46% көрсеткiшке қол жеткiзiп, облыста бiрiншi орын алып отыр. «Ауыл шаруашылығы басқармасы салалық министрлiгiне ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне субсидияларды олардың пайдалану тиiмдiлiгiн ескере отырып бөлудi ұсынсын», — деп тапсырды облыс әкiмi.

    Орташа жалақы мәселесi сын тудырды, Ол Целиноград ауданында өткен жылмен салыстырғанда төмендеп кеткен. Бұл жай ғана цифрлар емес, оның артында халықтың әлауқаты тұр, дедi облыс әкiмi.

    Жер мәселесi барлық облыс, соның iшiнде Целиноград және Қорғалжын аудандары үшiн өзектi болып отыр. Мысалы, 2014 жылдан берi Целиноград ауданында пайдаланылмай жатқан 54 мың га ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң 41 мың га қайтарып алынған.

    Мұндай практика жалғастырылатын болады. Дәрменсiз жалға алушылардан жер заң бойынша қайтарылып алынады. Сонымен қатар, облыс әкiмi, жердi тартып алу мiндет емес, оларды ұтымды пайдалануға үйрету қажеттiгiн, жер жұмыс iстеп өнiм беру қажеттiгiн қайта-қайта қадап айтты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.