Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы басталды

    Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы басталды

    Алғашқы фестиваль-конкурс 2013 жылы ұйымдастырылып, содан бері 30 елден келген 300-ден астам жас дарын өнер көрсетті. Astana Piano Passion тарихында ұйымдастыру комитетіне 45 елден 400-дей сұраныс келіп түсті және қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

    Astana Piano Passion - қазіргі таңда әлемдік классикалық өнерге қатысты шаралардың қатарында өз орны бар байқау. Осы конкурста топ жарып, жұлдызы жарқыраған қазақстандық Санжарәли Көпбаевты атауға болады. Жас пианист шығармашылық табыстарға жетіп, гастрольге шығып, астанамыздың сахналарында да өнер көрсетіп жүр. Astana Piano Passion V Халықаралық жас пианистер байқауын ашу құрметі соған бұйырды.

    Astana Piano Passion байқауы талай жұлдыздарға жол ашты. Қазір бүкіл әлемді тамсандырып жүрген жапон пианист қызы Шио Окуи осы байқаудан бастап, Astana Piano Passion конкурсының тұңғыш жүлдегері болғанын атап кеткен жөн.

    Қатысушылардың өнеріне беделді халықаралық қазылар алқасы баға береді, төрағасы - байқаудың көркем жетекшісі, Ресей Халық әртісі Денис Мацуев. Ол конкурстың ашылу салтанатында көрермендерге және қатысушыларға өз өнерін көрсетті. Маэстро Денис Мацуев 18 мамырда өтетін Гала концертке де қатысады.

    Байқау бағдарламасында қазақстандық композиторлардың шығармасын орындау міндетті. Осылайша әр елдің қатысушылары біздің шығармаларды орындап, еліміздің мәдениетімен етене жақын танысып, әлемге паш етеді.

    Astana Piano Passion фестивалі аясында Қазақстан фортепианолық өнер шеберлері Данияр Есмахановтың, жюри мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген әртіс Амир Тебенихиннің жеке концерттері болады, сонымен қатар қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік сабақтары, дәстүрге айналған бұрынғы конкурс лауреаттарының концерті өтеді.

    Байқауға қатысты барлық шаралар онлайн көрсетілетінін айта кеткен жөн. Astana Piano Passion түрлі ел мамандарының қызығушылығын бірден тудырған болатын. Байқау кезінде фортепиано мектептерінің жетекші педагогтарының, кәсіби музыканттардың, сыншылардың назары Қазақстан астанасына ауатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғалы әлемдік өнер орталықтарының біріне айналғанын атап өткен жөн. Біздің Салтанат Ахметова, Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Мария Мудряк сынды жас солистеріміз әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп жүр.

    Достарым, байқаудың жартылай финалы және финалына, үздік пианистер шеберлік сабақтарына кіру тегін, келіңіздер! Гала концерт, Astana Piano Passion лауреаттарының концерттеріне билетті «Астана Опера» театры кассаларында сатып алуға болады, ал барлық қосымша ақпарат Astana Piano Passion сайтында http://astana-app.com

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.