
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмагамбетовтың қатысуымен Атырау облысының Министрлікке қарасты аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне семинар-жиналыс өтті.
Сапар барысында ұжыммен, департамент басшылығыменжәне уәкілетті этика бойыншажұмыс кеңесін өткізіп, қызметкерлер мен азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілі Индер және Махамбет аудандарында болып, сондай-ақ онда облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Т. Ташмагамбетов Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жұмысымен танысты.


