Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау және жастарды қолдау: Г. Әбдіқалықова Ақмола облысына барды

    Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау және жастарды қолдау: Г. Әбдіқалықова Ақмола облысына барды

    Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» жаңа әлеуметтiк шараларын түсiндiру мақсатымен Ақмола облысына жұмыс сапарын жалғастыру аясында Премьер-Министрдiң орынбасары Гүлшара Әбдiқалықова бастаған үкiметтiк топ азаматтарды жеке қабылдап, халықпен кездесу өткiздi, сондай-ақ көп балалы отбасыларға барды.

    Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжiнiң жастарымен кездесу өткiзiлдi. Вице-Премьер Жастар жылын өткiзу жөнiндегi жол картасы аясында 5 негiзгi бағыт бойынша 80-нен астам iс-шара iске асырылып жатқанына баса назар аударды.

    Шаралар жастарды баспанамен қамту, жұмыспен қамту, бiлiм берудi дамыту, волонтерлiк, ғылыми гранттар беру, әлеуметтiк белсендiлiктi кеңейту, жас отбасыларды қолдау, денсаулық және әлеуметтiк инклюзивтiлiк мәселелерiн қамтиды.

    Бүгiнде колледжде «Бастауыш бiлiм беру», «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Кәсiптiк оқыту», «Музыкалық бiлiм беру», «Негiзгi орта бiлiм» мамандықтары бойынша 1 мыңнан астам студент бiлiм алып жатыр. Еңбекпен қамтылу үлесi 97% құрайды. Студенттер мемлекеттiк жастар саясатына қолдау бiлдiре отырып, өздерiнiң креативтi ұсыныстары мен идеяларын жеткiздi.

    Сонымен қатар, Бурабай ауданының Кенесары ауылының, Бiржан сал ауданының Макинка ауылының және Бұланды ауданының Алтынды ауылының халқымен кездесулер өткiзiлдi.

    «Әрбiр бағыт өлшенетiн көрсеткiштерiмен, тетiктерiмен және соларға арнайы бөлiнген қаражаттармен нақты әрi айқын шаралардан тұрады. Олар халықтың әлеуметтiк осал топтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ олардың әл-ауқатын арттыруға мүмкiндiктер мен жағдайлар жасауға жол ашады. Азаматтардың әл-ауқаты соларға байланысты. Қолынан келетiннiң бәрi еңбек етуге мiндеттi. Ал дене мүмкiндiктерiне немесе өзге де себептерге байланысты жұмыс iстеуге мүмкiндiктерi жоқ азаматтарға мемлекет әлеуметтiк қолдау көрсетуде», — дедi Г. Әбдiқалықова.

    Премьер-Министрдiң орынбасары көп балалы және аз қамтылған отбасыларға да барды. Тiлек Төлегеннiң отбасында мектеп жасындағы 4 бала бар. «Еңбек» өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында 2 млн 200 мың теңге көлемiнде шағын несие алған отағасы 10 iрi қара мал сатып алған. Ауыл бизнесменi өз отбасын толық қамтамасыз етiп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ашып отыр. Г. Әбдiқалықова облыс басшылығына осындай оң тәжiрибелерге жан-жақты қолдау көрсетудi тапсырды.

    Жұмыс тобының мүшелерi Ақмола облысының басқа аудандары мен ауылдарында да болды.

    Бiлiм және ғылым министрi К. Шәмшидинова бiрқатар бiлiм беру нысандарын аралады. Олардың арасында «Айша» және «Балдырған» балабақшалары, АT-лицей, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi, Көкшетау қаласындағы Жоғарғы техникалық колледж, Зерендi ауданындағы Шағалалы ауылы Жоғарғы агротехникалық колледжi, Зерендi ауылындағы М. Ғабдуллин атындағы мектеп-интернат, Ақкөл балалар үйi бар.

    2018 жылы Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа аттестаттау жүйесiне сәйкес санаттарын растаған және жаңартылған бiлiм мазмұнымен жұмыс iстейтiн мектеп мұғалiмдерiнiң жалақысы 30-50%-ға көтерiлгенi белгiлi. Маусым айынан бастап мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тәрбиешiлерi мен тәрбиешiлердiң көмекшiлерi т. б. үшiн сараланған жалақы 30%-ға дейiн артады. Сонымен қоса, облыста үш ауысымдық оқыту мәселесiн шешу үшiн 7 нысанның және оқушылардың орын тапшылығын жою үшiн бiр нысанның құрылысы жүрiп жатыр. Биыл 280 орындық 1 балабақшаны пайдалануға енгiзу, 1075 орындық 10 мектепке дейiнгi ұйымды ашу және жұмыс iстеп тұрған 120 орынды кеңейту жоспарланған.

    Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 8,2 млрд теңге сомасына 7 нысан салынып жатыр. Оның iшiнде 2 нысанды 2019 жылы пайдалануға беру көзделген.

    Денсаулық сақтау министрi Е. Бiртанов жұмыс сапары аясында Бұланды, Еңбекшiлдер, Степногор және Ақкөл ауруханаларының медицина қауымымен кездестi. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметкерлерiне алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру, еңбекақыны көтеру, саланы цифрландыру т.б. бойынша қабылданып жатқан шаралар түсiндiрiлдi.

    «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов Есiл және Астрахань аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Nur Otan» партиясына 4 жаңа жобаны iске қосуды тапсырғанын атап айтты, олар: инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға басымдық берумен «Құтты мекен»; ауылды дамытуға бағытталған «Ауыл — Ел бесiгi»; көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша «Бақытты отбасы»; партияның Қоғам қабылдаулары негiзiнде халықтың әлеуметтiк қорғалатын тобын қолдауға бағытталған «Халыққа көмек» бiрыңғай әлеуметтiк терезесi.

    Сонымен қатар, жұмыс тобының әрбiр мүшесi азаматтарға жеке қабылдаулар өткiзiп, облыстағы ауылдар мен қалалардың тұрғындарымен кездестi.

    Еске сала кетейiк, ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Г. Әбдiқалықова бастаған Үкiметтiң жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Б. Сапарбаев, бiлiм және ғылым министрi К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрi Е. Бiртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасы М. Жайымбетов, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Л. Рамазанова, сондай-ақ БАҚ өкiлдерi мен блогерлер кiрдi. Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» жаңа әлеуметтiк шараларын түсiндiру мақсатымен ел өңiрлерiне жұмыс сапарлары жалғасатын болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.