Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясына барды

    Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясына барды

    2018 жылғы2ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі делегациясының ШвейцарияКонфедерациясына жұмыс сапары өтті.

    Делегацияға ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов басшылық етті.

    Бақыт Сұлтанов Швейцария Қаржы министрі Ули Маурермен, Швейцарияның федералды салық және кеден әкімшіліктерінің басшылары Адриан Хуг және Микаэла Шерермен, сондай ақ Швейцарияның Қаржы нарықтарын қадағалау агенттігі Директорлар Кеңесінің Төрағасы Томас Бауэрмен кездесулер өткізді.

    Тараптар елдердің ағымдағы экономикалық жағдайын талқылады, халықаралық сауда, салықтық және кедендік рәсімдерді, қаржы нарықтары және көрсетілетін қаржы қызметтерін, оның ішінде Астана Халықаралық қаржы орталығының қызметін цифрландыру саласындағы екіжақты қатынастардың дамуы жөнінде пікір алмасты.

    Сапар аясында сол сияқты қаржы саласында тәжірибе алмасу жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегация бухгалтерлік есеп және аудит, кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, зейнетақы жүйесінің дамуы салаларындағы швейцариялық тәжірибені зерделеуге зор қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде, Швейцариялық тарап Қазақстан экономикасын цифрландыру аясындағы бастамаларды қарастыруға дайындығын білдірді.

    Келіссөздер нәтижелері бойынша Тараптар аталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Швейцария Қаржы министрлігінің ұсынысы бойынша осындай өзара іс-қимыл Халықаралық валюта қорының және басқа көпжақты ұйымдардың кездесулерін қоса алғанда, басқа да алаңдарда өткізілетін болады.

    ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.