
Бүгiн Бурабайда Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев «Шипажай-2019»IV халықаралық ғылыми-практикалық форумының ашылуына қатысты. Бұл — Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығы төртiншi жыл қатарынан өткiзiп отырған елiмiздiң санаториялық-курорттық саласындағы басты iс-шара.
«Бәрiмiз елiмiздi дамыған және заманауи елдер қатарынан көргiмiз келедi, ал азаматтардың денсаулығы — мемлекеттi гүлдендiру жолындағы ең маңызды сатылардың бiрi. Халықтың денсаулығын нығайту бойынша мiндеттердi шешудiң өзектi және перспективалы жолы санаториялық-курорттық емдеу болып табылады, бiздiң облысымыз осы бағытты дамытуда жоғары әлеуетiмен сипатталады», — дедi өзiнiң құттықтау сөзiнде өңiр басшысы.
Өз кезегiнде Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының басшысыАлексей Цой медициналықреабилитологияфорумның негiзгi тақырыбы ретiнде кездейсоқ таңдалмағанын айтты. Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру енгiзiлуiне байланысты 2020 жылдан бастап жаңа тарифтiк саясатты ескере отырып санаториялық-курорттық саясатты бұдан әрi дамыту мәселесi шешiлуде.
Бүгiнгi таңда сауықтыру емi емдеу бағдарламасының мiндеттi бөлiгi болып табылмайды. Бiрақ форумға қатысушылардың айтуынша оған сұраныс өте жоғары. Жыл сайын 400 000-нан асаадам операциялардан кейiнгi оңалтуды қажет етедi. Президенттiк клиника дәрiгерлерiнiң үш жылдық зерттеуiнiң нәтижелерi санаториялық курорттық және сауықтыру емiнен өткен науқастар арасында дәрiгерлерге қайта жүгiну жылына 20% төмендегенiн көрсеттi.
Форум барысындаИталия, Германия, Чехия, Түркия, Азербайджан, Грузия, Литва және Ресейден келген жетекшi мамандар санаториялық-курорттық саланың жалпы проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылады, сонымен қатар, ұлттық және шетелдiк курорттардың сәттi тәжiрибелерiмен, олардың практикалық денсаулық сақтаумен ынтымақтастығымен бөлiстi.Форумның қонақтары«Оқжетпес» шипажайына саяхат барысында әртүрлi сауықтыру рәсiмдерiнтамашалап және қабылдан көрдi, емдiк мал өсiрiлетiн марал өсiру шаруашылығында болды.



