ФОРУМ

    ФОРУМ

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акцинерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен тұрақты түрде ынтымақтастықта еңбек етіп келеді. Бүгінгі айтылар шара да аталған агенттіктің облысымыздағы департаментінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің ғимаратында бірлесе өткізілді.

    «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы» атты шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов жетекшілік етіп, Облыстық әкімдіктің Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау бөлімінің бас маманы Айжан Абдрахманова, университет ректоры Әли Әбішев, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Тұрлан Нұржанов қатысып, баяндама жасады.

    Форумда Электронды үкімет порталы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, Электронды цифрлық қолтаңбаны алу жөніндегі бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды.

    Шараның сұрақ-жауап бөлімінде ұстаздар тарапынан да, студенттер тарапынан да сұрақтар, алғыстармен қатар пікірлер біраз талқыға салынды.

    Ал, ғимараттың фойесінде мобильдік топ арқылы 100-ден астам қатысушыға кеңестер мен Электронды цифрлық қолтаңба берілді.

    Мұндай басқосудың Цифрлы Қазақстанға көшіп жатқан еліміздің жастары үшін маңызының жоғары екендігі айтпаса да түсінікті.

    Алдағы уақытта осындай ықтымақтастықта жұмыс жасап келе жатқан екі департаменттің берекелі басқосулары жалғаса беретін болмақ.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.