
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Мақсұт Өмірханов «НаЦЭкС» АҚ-ның президенті Еркін Дүйсембаевқа органикалық өнім өндіру сәйкестігін растауды аккредиттеу аттестатын табыстады.
Бұл ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің күш салуының нәтижесінде мүмкін болып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл орган отандық өндірушілердің сәйкестік сертификатын алуларына және органикалық өнімнің ішкі және сыртқы нарықта дамытуына ықпал ететін болады.
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу технологиясы кафедрасы, егіншілік және өсімдік тану кафедрасы дайындаған мұғалімдерді, доценттер мен техникалық сарапшыларды тарта отырып, өнімнің сәйкестігін растайтын Қазақстандағы бірінші және әзірге жалғыз орган.
Органикалық ауыл шаруашылығы бүгінгі күні әлемдік трендтің бірі. Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту белсенді түрде қалыптасып келеді.



