
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қала сыртындағы саяжайлардағы өрттің қаупі жазғы ыссы күндердің басталуымен бірге артады.
Өйткені, өрттің пайда болуының негізгі себепшісі саяжай үйлерінің құрылысында ағашты немесе өртке биім материалдарды пайдалану, сондай-ақ, құрғақ жинақталмаған шөптер мен сөндірілмеген шылым және үйдегі электрсымдарының ақаулығы.
Өрт қауіпті маусымда Атырау облысының ТЖД мен оның бөлімшелерінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі жөнінде тұрғындарды ескерту мақсатында, бау-бақшаларда күнделікті рейдтер шаралар жүргізілуде. Профилактикалық рейдтер барысында үйлерді аралау мен нұсқау өткізіледі. Саяжай қоғамдарындағы ұйымдасқан өртке қарсы жаяу рейд пен патрульдік шаралар демалыс күндеріде белсенді түрде жүргізіледі.
Қызметкерлер тұрғындарды жаздың тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа-райында саяжай ауылдарында, бақша учаскелерінде от жағуға, өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізуге, көмірмен жанатын пештерді, қазандық қондырғылары мен асүйлік ошақтарды жағуға болмайтынын ескертеді.
Аталған бағыттағы жиі өткізіліп жатқан рейдтік шаралар, түсіндірме жұмыстар мен өрт қауіпсіздік ережесі бойынша жадынама тарату – адамдардың қайғылы жағдайларға ұшырамауына және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бау-бақшаларда және саяжайларда уақыт өткізген кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар, бұл сіздің үйіңіз бен мүліктеріңізді өрттен сақтауға көмектеседі!
Әр азамат өз өмірінің құндылығын біліп, қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс.







