
2019 жылғы 17 маусым күні Төтенше жағдайлар комитетінде ҚР ІІМ министрінің орынбасары Ю.В. Ильин азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесіне қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмысындағы жоғары жетістікері үшін және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының құрылуының 20 жылдығына орай Болат Сеитнұрұлы Абайдильдиновты «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапаттады.
Болат Сеитнұрұлы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының президенті лауазымын 2016 жылғы тамыз айынан бастап атқарады. Ол өртке қарсы күрес қызметінің ардагері болып табылады, тәжірибелік еңбек өтілімі бай.
Қызмет атқару кезінде ол өзін сауатты басшы, өз ісінің кәсіби шебері, жылдам және орынды шешім қабылдай алатын маман ретінде көрсетті.



