Жас ұрпақты кәсіпкерлік іске ынталандырып бағыттауда ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бірқатар бастамаларды іске асыруда.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республика мектептерінің 10-сыныптарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті пәні енгізіледі.
Пәннің мақсаты - жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағымды жағдай жасау.
Жаңа элективті пәнді табысты енгізу мақсатында ағымдағы жылы республика мектептерінде педагогтер мен оқушылар ұжымдарында және ата-аналар қоғамдастықтарында пәннің таныстырылымын өткізу мен оқытушыларды оқыту жоспарлануда.
2019 жылғы тамыз, қыркүйек айларында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті пәнін оқытатын жалпы орта білім беретін мектептерден 127 мұғалім үшін қысқамерзімді білім жетілдіру курсы өткізіледі:
1- лек – 2019 жылғы 19-29 тамыз аралығында « Өскемен қаласы әкімдігінің №46 орта мектебі» КММ базасында;
2- лек – 2019 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында « Өскемен қаласы әкімдігінің №46 орта мектебі», «№47 орта мектебі», «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ базаларында өткізіледі.



