ҚР Үкіметінің отырысындағы
ҚР Білім және ғылым министрі
К.Н. Шамшидинованың тезистері,
2019 жылғы 28 мамыр, Нұр-Сұлтан қ.
Құрметті Асқар Ұзакбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Слайд 2.
Технологиялық жаңалықтар жылдар бойы қалыптасқан еңбек нарығының келбетін күрт өзгертуде. Әр экономикалық кезең білім саласының алдына өз талаптарын қояды. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі өнеркәсіптің тікелей қатысуымен нарықтың сұранысына орай маман даярлауы керек.
Осы орайда Ұлттық біліктілік жүйесі экономикадағы нәтижелі жұмыспен қамту мәселесінде өзіндік көпір бола алады.
Аталған жүйенің тиімділігі мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық ассоциациялар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысына байланысты болады. Сонымен қатар, технологиялардың жедел дамуы кәсіби стандарттардың тез ескіруіне әсер етуіне байланысты әрбір сала бойынша біліктілік шеңберін анықтаған жөн.
Слайд 3.
Жалпы кадрларға, оның ішінде болашақ кәсіптерге деген қажеттіліктің нақты болжамының, барлық салалар бойынша кәсіби стандарттардың толық болмауы, контингенті аз, материалдық-техникалық базасы төмен колледждердің жағдайы мамандардың дайындық сапасына әсер ететіні белгілі. Нәтежесінде жұмыс берушілердің мамандар сапасына көңілі толмайды.
Слайд 4. Жастарымыз заман талабына сай білім алып, біліктілігін арттыру үшін ең алдымен жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тарту керек.
Слайд 5. Сапалы маман дайындауда дуалды оқыту жүйесінің ролі зор екені белгілі. Ал бізде осы жүйе бойынша қамтылған оқушылардың үлесі 19,8 пайызды ғана құрайды.
Жұмыс берушілердің пікірінше оның дамуын практиканы ұйымдастырудағы кәсіпорын шығынының өтелмеуі, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету мәселелері тежеп отыр.
Осы мәселелерді шешуіміз керек. Дуалды оқытуға қатысатын кәсіпорындардың шығындарын өтеуді ұсынамыз. Сонымен қатар, барлық студенттерге қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік курстарын ұйымдастырумен қатар, олардың өндіріс талабына сай сынақ тапсырып кәсіпорындарда практикадан өтуге рұқсат алуын да қамтамасыз ету қажет.
Өнеркәсіпті ынталандырудың басқа жолдарын да қарастыру маңызды.
Осыған орай, біз «Алтын сапа» шарасында «Дуалды оқыту жүйесін енгізген үздік кәсіпорын", «Үздік тәлімгер» және «Техникалық кадрларды дайындайтын Үздік колледж» номинацияларын қарастыруды ұсынамыз.
Дуалды оқыту жүйесін кеңейтумен қатар сатып алу құқынсыз колледждерді сенімді басқаруға беруді де дамытқан жөн.
Слайд 6.
Колледждердің ұйымдастыру-құқықтық нысаны, ескірген материалдық-техникалық базасы, қолданыстағы оқу бағдарламалары осы процесті тежеуі мүмкін.
Сондықтан біздің Министірлік экономика мен еңбек нарығының талабына сай оқу мазмұнының практикамен тығыз байланыстылығын, орта білім және арнайы пәндерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін икемді оқу бағдарламаларын қарастыратын болады. Осы тұста айта кететін тағы бір мәселе бар. Біз жаңа технологиялардың өте жылдам пайда болып, өндіріске шапшаң енгізіліп отырғанының куәсіміз. Осындай жағдайда адамның маман ретінде қалыптасуында білім мен қатар зерделеу, жинақтау, нәтижелі шешім қабылдай алу құзіреттілігінің де атқаратын ролі зор. Олай болса бала жастан олардың қалыптасуына жағдай жасауымыз керек. Мысалы, Арменияда балаларға арналған IT технологияларын меңгеруге бағытталған TUMO орталығы бар. Біздің бизнесмендеріміз де осындай бір жағынан қызықты, екінші жағынан пайдалы мектептен тыс мекемелер ашатын болса, білім саласына үлкен қолдау көрсетер еді.
Сонымен қатар, оқытудың мазмұнын анықтауда біз WorldSkills талаптарын да ескеретін боламыз. Биыл ұлттық командамыз тамызда Қазан қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа 31 құзіреттілік бойынша қатысады. Бұл қозғалысты Премьер-Министрдің басқаруы мүдделі жақтардың жауапкершілігін арттырып отыр.
Құрметті, Асқар Ұзақбайұлы!
Слайд 7. Сенімгерлікке берудің ауқымын кеңейту үшін кәсіпорындар мен мекемелерді ынталандыру компонентін анықтауды ұсынамыз.
Сенімгерлік басқаруға экономиканың әр салаларындағы 150-ден астам өндіріс лидерлері, техникалық, технологиялық бағыттағы жоғары оқу орындары, үздік колледждер қатысуға ынта білдіріп отыр. Бұл оқу жоспарларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіруге, жаңа технологиялар негізінде жабдықталған өндірісте студенттердің практикасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қай заманда да ынтымақтастық, серіктестік бірлік пен берекеге апаратын жол екені бәрімізге белгілі.
Слайд 8. Сенімгерлік басқарудың ынталандыру компонентінің мөлшерін 19,8 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде анықтауды ұсынып отырмыз. Кадр даярлау күрделілігіне байланысты қосымша коэффицент қарастырылатын болады.
Слайд 9.
Бүгінде Павлодар, Алматы облыстарында 5 колледжді кәсіпорындар сенімгерлік басқаруға алған. Солардың ішінде «Агродаму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тәжірибесін атап өтуге болады.
Слайд 10
Өздеріңізге белгілі APEC PETROTECHNIC колледжі Атырау облысындағы мұнай-газ саласындағы 2 колледжді сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдіріп отыр.
Бұл оқу орны NCER (энсисиар), OPITO (опито), IIW, Кембридж университетінің халықаралық стандарттарымен жұмыс істейді.
Теңізшевройл, "СCC", "Аджип", FIRCROFT (фиркрофт), Halliburton (хеллибертен) сияқты компаниялар аталған колледжге үлкен сенім білдіріп, өз оқу орталықтарын жапты. Осы колледжге өз қызметкерлерін біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жіберіп отырады.
APEC PETROTECHNIC өзіне сенімді басқаруға алған оқу орындарына мұнай-газ саласындағы оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес үздік тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді.
Слайд 11. Сонымен қатар сенімгерлікке беру «Университет-колледж-өнеркәсіп» сияқты үш жақты ынтымақтастықты қалыптастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға, ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Слайд 12.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне кәсіпорындарды тартуды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдап отыр. Олардың базасында жобалық офис құрылады, мониторинг жүргізіліп отырады.
Слайд 13.
Кәсіпкерлер кәсіпорындар үшін ынталандыруды, әсіресе, жеңілдетілген кредит, салық мәселелерін шешуді ұсынады.
Құрметті, Асқар Ұзақбайұлы!
Осы орайда
- колледждерді сенімгерлік басқаруға беру үшін ұйымдастырылатын тендерге қатысуға төленетін кепілдік жарна мөлшерін қайта қарастыруды;
- сенімгерлік басқарушыларды іріктеу критерийлерін анықтауға қатысты ережеге толықтырулар енгізуді сұраймыз.
Слайд 14.
Еліміздегі колледждер жүйесін жетілдіріп отыру қажеттілігі бәрімізге де белгілі. Жергілікті атқарушы органдар осы мәселеге байланысты жұмыс атқаруда. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы коллеждердің бейіндеріне байланысты 3 колледжді ірілендірді.
Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 41 колледжді жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні кадрларды даярлау үшін жеке меншік колледждер де қатысып отыр. Оларға мемлекеттік тапсырыс жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы беріледі. Оның жеке меншік колледждердегі үлесі 21 пайызды құрайды. Жеке меншік колледждерге беріліп отырған мемлекеттік тапсырыстың көлемі 5 жыл ішінде 1,6 есеге көбейді.
Слайд 15.
Құрметті, Асқар Ұзақбайұлы!
Жоғары сұранысқа ие сапалы мамандар даярлау үшін мүдделі мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс атқаруы керек. Осы орайда келесі шараларды іске асыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймын:
- Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері жөніндегі бірыңғай ведомствоаралық орталық құру;
- еңбек нарығының кадрларға қажеттілік болжамын анықтау, болашақ кәсіптердің тізімін қалыптастыру;
- кәсіби стандарттарды әзірлеуді аяқтау, әрбір сала бойынша біліктілік шеңберін анықтау;
- біліктілікті растаудың тәуелсіз салалық орталықтарын құру;
- қаржылық дербестікке және басқарудың алқалық түрлеріне мүмкіндік беретін колледждердің ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгеруін қамтамасыз ету;
- өңірлер экономикасының дамуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты бөлуді алдағы уақытта қайта қарауды жүзеге асыру;
- сенімгерлікке берілетін колледждерде әрбір студент үшін ынталандыру компонентін қарастыру;
Өз кезегінде біздің министірлік білім бағдарламаларын интеграциялауды қамтамасыз етеді, оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік кешендер сапасын арттыру, педагогикалық кадрларды және өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастырады.
Слайд 16. Өндіріс пен білім саласының кадрлар даярлаудағы әріптестігі нәтижесінде оқу орындарын кәсіптік салалық ортаға тартуға, оқытушалар мен өндірістік оқыту шеберілерін тағлымдамадан өткізуге, колледж менеджменті мен маркетингінің жаңа форматын қалыптастыруға, кәсіпорындар жұмыскерлерін тәлімгерлікке тартуға қол жеткіземіз. Сонымен қатар бітірушілердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады.
Жалпы ұсынылып отырған шаралар еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кадрларды даярлау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рахмет!



