БАСПАСӨЗ-АНОНС

    «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 23-31 наурызда 9-11 сынып ұлдар арасында Петропавл қаласында «Винокуров атындағы спорт кешенінде» және қыздар арасында «Болашақ» спорт клубында футзалдан «Теңбіл доп» жарысы өтеді.

    Жарыс 9-11 сынып (қыздар) арасында үшінші кезең жеңімпаздары қатысады. Бас төреші болып Александр Гаузин, Рустам Бижанов, бас хатшы Денис Виноградов, Алексей Ложыницен бекітілді.

    Ұлттық мектеп лиганың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, балалар-жасөспірімдер қылмысы, діни экстримизм сияқты зияфнды әдеттерден спорт арқылы көңілін аудару, рухани жігерлікке,адамгершілікке, патриотизмге, өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру.

    Айта кетсек, лига төрт кезеңде өткізіледі.

    Бірінші кезең -ауылдық(мектепшілік) жарыс (сыныптар арасында қазан-желтоқсан 2018 ж.)

    Екінші кезең- қалалық жарыс, (мектепаралық, ақпан 2019ж.)

    Үшінші кезең- Астана,Алматы және Шымкент қалалары мен облыстық жарыстар (екінші кезең жеңімпаздар арасында, наурыз-сәуір 2019ж.)

    Төртінші кезең- республикалық жарыс (ақтық кезең-үшінші кезең жеңімпаздары, сәуір-мамыр 2019 ж.)

    Барлық сұрақтар бойынша ҚР БҒМ «ҰҒПДТО»Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру зертханасының бас жаттықтырушысы Төлендиев Нұрділдә Амангелдіұлына 8-708-329-12-78телефон арқылы хабарласыңыз.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.