БАСПАСӨЗ-АНОНС

    24-31 наурызда орталық шахмат клубында (Астана қ) «Ұлттық мектеп лигасы» аясында Шахматтан «Ақбозат» жарысы өтеді.

    Жарысқа 9-11 және 5-8 сыныптар арасында үшінші кезең жеңімпаздары қатысады. Сайыстың бас төрешісі-Е.Шакенов, бас хатшысы- А.Әубакиров бекітілді.

    Ұлттық мектеп лиганың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, балалар-жасөспірімдер қылмысы, діни экстримизм сияқты зияфнды әдеттерден спорт арқылы көңілін аудару, рухани жігерлікке,адамгершілікке, патриотизмге, өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру.

    Айта кетсек, лига төрт кезеңде өткізіледі.

    Бірінші кезең -ауылдық(мектепшілік) жарыс (сыныптар арасында )

    Екінші кезең- қалалық жарыс (мектепаралық)

    Үшінші кезең- Астана,Алматы және Шымкент қалалары мен облыстық жарыстар (екінші кезең жеңімпаздар арасында)

    Төртінші кезең- республикалық жарыс (ақтық кезең-үшінші кезең жеңімпаздары)

    Барлық сұрақтар бойынша ҚР БҒМ «ҰҒПДТО»Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру зертханасының бас жаттықтырушысы Төлендиев Нұрділдә Амангелдіұлына 8-708-329-12-78телефон арқылы хабарласыңыз.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.