Поздравление с 25-летием создания Казкосмоса

    Құрметті әріптестер!

    Сіздерді айтулы мереке – Қазғарыштың 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

    Қазақ елі үшін ғарыш қызметі – бұл ұлттық мақтаныш нысаны ғана емес, экономика салалары мәселелерін шешетін маңызды ресурс.

    Осыны жете түсінген Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы 25 ақпанда отандық ғарыштық қызметін дамытуға жауапты арнайы мемлекеттік органды құру туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында бұрын соңды елімізде болмаған жаңа саланың – ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялық отандық ғарыш саласының негізі қаланды.

    Сол сәттен бері міне, ширек ғасыр да өте шықты. 25 жыл! Осындай аз ғана уақыттың ішінде ғарыш саласында көптеген ірі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұған сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Қазғарыштың қарыштап дамуы іске мығым майталмандардың тынымсыз еңбегі екенін естен шығармауымыз керек.

    Дана халқымыз «сүйген істің сүйініші көп» дейді. Еңбекті ту ғып ұстайтын өздеріңіздей кәнігі маман барда ғарыш саласының абыройы асқақтай бермек.Алда біз бұдан да үлкен асулардан өтетінімізге кәміл сенемін.

    Сіздердің қызметтеріңізге, оның ішінде ғарыш саласының дамуы жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Биік белестерді бірге еңсерейік!

    Құрметпен,

    Бейбіт Атамқұлов

    пресс-служба МОАП РК
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.