
Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында Алматыдағы 53975 әскери бөлімінің базасында «Жас сарбаз» жазғы лагерінде демалушы әскери қызметшілердің балалары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында әскери ұшқыштар балаларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылу тарихы мен мақсаттары, ұшақтар мен тікұшақтардың тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы кеңінен айтып берді. Кездесу кезінде әскери қызметшілердің балалары Әуе қорғанысы күштерінің қазіргі заманғы жауынгерлік тікұшақтары мен әскери-көліктік ұшақтарын өз көздерімен көріп қана қоймай, жауынгерлік машиналардың штурвалдарына отыруға да мүмкіндік алды. «Біз осы бөліммен көптен бері ынтымақтастық қарым-қатынастамыз. Осы секілді кездесулерден соң көптеген балалар өз тағдырларын әскермен, оның ішінде авиациямен байланыстыратынына сенімдімін», - дейді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің жетекшісі капитан Данияр Қасенов.


