«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы сала көшбасшысы атанды

    «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы сала көшбасшысы атанды

    Ұлттық бизнес-рейтингі – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттер одағының негізіндегі рейтингілеудің жыл сайынғы жалпы мемлекеттік тәуелсіз бағдарламасы. Бұл бағдарламаның еңбек марапаттары әр сала кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметіндегі жоғары көрсеткіштері мен Қазақстан мемлекетінің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

    2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында бірқатар маңызды шаралар өткен болатын. «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» V халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция және 22-23 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Ясауитану» халықаралық білім байқауы болып өтті. Атаулы бұл маңызды іс-шараларға Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан т.б. шетелдерден және отандық ясауитанушы ғалымдар, және Республикамыздың түкпір-түкпірінен оқушылар қатысты. Бұдан бөлек қорық-мұражайда 30 астам дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды. Жыл бойына мұражайымызда жылжымалы және тұрақты көрмелер өткізілді. Көрмелердің саны – 62.

    «Сала көшбасшысы» Халықаралық сертификаты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының атқарған еңбегіне берілген жоғары баға және жаңа жетістіктерге ынталандыру болатыны анық.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.