Классикалық достық

    Классикалық достық

    Көрерменді музыкант-достар – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Евгения Құрманаева (скрипка), Дастан Балақұмаров (альт), Ермек Құрманаев (виолончель), Рабиға Дүйсембаеваның (фортепиано) өнері шаттыққа бөлемекші.

    Камералық-аспаптық музыка кешінде Р. Шуманның граф М. Виельгорскийге арнаған Ми бемоль мажор, ор.47 фортепианолық квартеті орындалады. Мұндағы ойдың тереңдігі, шабытқа толы музыкалық тақырыптардың көркемдігі, үйлесімділігі көрерменді ғана емес, музыканттардың өздерін де ерекше рухтандырады.

    Концерт аясында орындалатын келесі үлкен шығарма – И. Брамстың №3 до минор, ор.60 фортепианолық квартеті. Бұл керемет шығармада автор трагедиялық образды асқан құштарлықпен қайғылы жеткізеді.

    Тамаша виолончельші Ермек Құрманаев «Астана Опера» театрының Камералық залында алғаш рет өнер көрсетпейді. Музыкант осы сахнаға шыққан сайын көрерменнің жылы лебізі мен ықыласынан, сондай-ақ, театр басшылығының әртістерге деген қамқорлығынан ерекше қуат алатынын атап өтті.

    - Кеш бағдарламасына енгізілген шығармалар – әлемдік классиканың нағыз жауһарлары. Иоганнес Брамс пен Роберт Шуманның арасында үлкен достық қатынас болуы заңдылық. Өйткені, Брамстың камералық музыка жазуына көбінесе дәл осы Шуман шабыт берген. Мұнымен қатар, И. Брамстың айтуынша, өзінің композитор-романтик ретінде қалыптасуына, музыкалық классицизмнің негізгі құндылықтарын тануына бірден-бір ықпал еткен Р. Шуман, - дейді Ермек Құрманаев.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.