Түркияда «Ұлытау» қорық-мұражайының презентациясы өтті

    «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы шетелдік жоғарғы білім беру орындарымен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастық орнату үстінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Мұндай стратегиялық бағыт Ұлытау өңірінің материалдық және материалдық емес мұрасын жан-жақты зерттелуі мен әлемге паш ету мақсатында іске асырылады.

    Қорық-мұражай қызметкері Салықова Б. Афион университетіне Erasmus+ халықаралық бағдарламасы бойынша аттанып, Ұлытаудың киелі орындары туралы мекеменің оқытушы-профессорлар қауымына танымдық презентация өткізген болатын. Нақты айтқанда, тұсаукесер барысында республикалық маңызы бар ескерткіштер – "Аулиетау", "Теректі Әулие" кешендері, "Алашахан", "Жошы хан", "Ерден" мазарлары мен Едіге тауы туралы айтылды. Іс-шара қатысушылары Ұлы Таудың мәдени мұрағатымен танысып, Бурса қаласының маңында орналасқан Ұлы-Дагтауымен салыстырмалы түрде өз пайымдауларымен бөлісті.

    Сәтті өткен іс-шарадан кейін «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы екі тараптың ғылыми-зерттеу ынтымақтастықтың нығаюы мақсатында оқытушы-профессорлар қауымын ресми түрде Ұлытау өңіріне шақырды.

    Келіссөз барысында түрік делегациясының Ұлытауға ресми сапары осы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.