БҚО мектептерінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

    БҚО мектептерінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

    Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысында барлық аудандар мен Орал қаласында 15 «Жас сарбаз» сыныбы ашылды. Солардың бірі - Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі. Мұнда əскери-патриоттық тəрбие беретін арнаулы сыныпқа 26 оқушы іріктеліп алынған. Олар мектептегі əр оқу күнін арнайы жаттығулармен бастайды, əскери киіммен сап түзеп адымдайды. Аптасына екі сағат алғашқы əскери дайындық негіздерін меңгереді. Келешекте ата-аналармен келісімге сəйкес 9 сыныптан соң балаларды əскери оқу орындарына бағыттамақпыз, - дейді мектеп басшылығы.

    Бекежан Досжанов, алғашқы əскери дайындық пəнінің мұғалімі:

    – Қарулы күштер қатарына білімді, сапалы сарбаздар жіберу – біздің міндетіміз. Қызығушылық 3-5 сыныптан көп болды. Соның ішінен бұйрық бойынша келгесін 26 оқушы таңдадық. Қабылдаған кезде ата-аналармен бірге өздері нормативтерін қарап тұрды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.