Атырау облысы. Департаментпен жоғары оқу орнында семинар өткізілді

    Атырау облысы. Департаментпен жоғары оқу орнында семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінде «Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы және қолдану тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинарға «Экономика және құқық» факультетінің студенттері қатысты.
    Семинар барысында университет студенттеріне монополияға қарсы заңнама нормалары, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін әрекет ететін шараларды қолдану туралы түсіндірілді.
    Студенттер тарапынан Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнама нормаларына қатысты сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсіндірулер берілді.
    Толығырақ http://www.kremzk.gov.kz/ сайтынан таныса аласыз.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.