
2019 жылдың 24-25 сәуірі күндері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Мереке Пшембаев жұмыс сапарымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды.
Жауапты хатшы ҚР ИИДМ аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Берген Беспалинов және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев қатысты.
Күн тәртібінде персоналды басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет көрсету, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды. М. Пішембаев өз сөзінде барлығы оңтайлы шешілуі тиіс министрліктің негізгі міндеттерін атап өтті.
Жауапты хатшы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмаудың және сыбайлас жемқорлықтың жаппай алдын алу, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, жауапты хатшы Мереке Пшембаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов металл пластикалық бұйымдар шығаратын зауытқа, көтерме және тарату орталығының құрылысына, тұрмыстық химия фабрикасының құрылысына барды.
Сонымен қатар, М.Пшембаев "Щучинск-Зеренді" автожолын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. Жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақмола филиалы жүргізіп жатыр.





