Қазақстан шахматшылары олимпиадада үздік нəтиже көрсетті

    Қазақстан шахматшылары олимпиадада үздік нəтиже көрсетті

    28 қазан мен 6 қараша аралығында Түркияның Чорум қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан олимпиада өтті.
    Əлемнің 48 елінен келген біріншілікте қазақ шахматшылары 9 ойынның тек біреуінде ғана ұпай санымен ұтылып, Əзірбайжан, Өзбекстан жəне Белорусь құрамаларынан кейінгі 4-орынға ие болды. Бұл жасөспірімдер құрамасының ең үздік нəтижесі.


    Бəсекеге əр командадан 3 ұл мен 1 қыз, жалпы 4 ойыншыдан қатысты. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева (ерлер арасында ойнады), Арыстан Исанжулов және Назерке Нұрғали қатысты.

    Жекелеген көрсеткіш бойынша қыздар арасында Нұрғали Назерке - екінші, Бибісара Асаубаева 3-ші орынды иеленді. Ал ерлер арасында Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанса, Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.


    «Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең үздік нәтижесі. Алайда көрсеткішімізді бұдан да жақсартқымыз келген. Тек кейбір кездесулерде ойыншыларымызға сәттілік жетіспей жатты. Енді келесі олимпиадада осы нəтижеден кем түспеуге барымызды саламыз», - деді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.