
Форумның пленарлық отырысын ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ашты. Ол еліміздің экономикасының түрлі салаларының тиімділігін арттыруда ғарыш технологияларын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сондай - ақ, ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, "РОСКОСМОС" бас директоры Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндама жасады. Қатысушылар атап өткендей, бұл форум ғарыш саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау үшін тиімді алаң ретінде отандық және халықаралық қоғамдастықтарда өзін жақсы көрсетті.


