АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ (ҰЛТТЫҚ) КҮНІ

    АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ (ҰЛТТЫҚ) КҮНІ

    2019 жылғы 21 қарашада Федоров ауданы бойынша Азаматтарды қабылдау Бірыңғай (Ұлттық) күні өткізілді. Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекетік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ауылдық округтар әкімінің деңгейінде- мектеп, бала бақша, мәдениет үйінің директорлары, полиция учаскелік инспекторлары, ветеринарлық дәрігерлер, пошта өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен депутаттар қатысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді болу үшін азаматтарды қабылдау аудан және ауылдық округтер әкімдігі ғимараттарының бірінші қабаттарында өтті. Өтініш білдірген азаматтардың барлығы сол күні қабылданды. Аудан бойынша 60 адам өтініш жасаған (оның ішінде аудан әкіміне-12, ауылдық округтер әкімдеріне-48). Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша-27 өтініш (45%), басқа да – 17 (28%), әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша- 6 (10%), білім және кәсіпкерлік- 4-тен (6,6 %), жер мәселесі бойынша – 2 (3,3%) өтініш. Барлық келіп түскен өтініштер жан-жақты және объективті қаралды, өтініш берушіге көтерілген мәселелерді шешу бойынша әрі қарай әрекет ету алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.