
Маңғыстау облысының білім басқармасының 30.01.2017ж. № 08-нқ бұйрығына сәйкес, ұстаз имиджін көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында 2016 жылдың 22-23 ақпаны күндері Ақтау қаласы №17 орта мектепте тілші мұғалімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудан, қаладан 23 мұғалім қатысты: қазақ тілі мен әдебиетінен - 7, орыс тілі мен әдебиетінен - 8, ағылшын тілінен - 8 мұғалім.
Олимпиада теориялық және практикалық кезеңнен тұратын 2 турда жүргізілді.
Теориялық кезең (22.02.2017ж.)
-«Менің педагогикалық идеям»презентация - 5 минут (сайысқа қатысушы мұғалім білім сапасының артуына, оқушының жан - жақты дамуына септігі тиетін тың идея, жаңалық ұсынуы керек);
-Эссе жазу(250 - 300 сөз, уақыты - 45 минут, берілген 3 тақырыптың ішінен таңдаған тақырыбына жазады). Эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
-Шығармашылық тапсырма(қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиадалық тапсырмалар негізінде).
II тур: Практикалық кезең (23.02.2017 ж.)
-Пән бойынша тәжірибе алмасу сабағы(мұғалім 5-11 сыныптардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында ашық сабақ өткізілді. Сынып жеребе арқылы анықталды).
Қазылар алқасы мұғалімдердің теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерінің деңгейін саралай отырып, білім басқармасының дипломдарымен марапаттауға ҰСЫНАДЫ:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орынға: Ибраева Гүлназ (Қарақия ауданы №3 орта мектеп);
ІІ орынға: Егизгараева Мереке(Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);
ІІІ орынға: Мұхаммедова Гулнар(Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп);
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орынға: Акимбаева Нафиса (Ақтау қаласы №5 орта мектеп);
ІІ орынға: Джолдасова Джумагуль(Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);
ІІІ орынға:Мансурова Гулмаржан(Түпқараған ауданы Форт-Шевченко мектеп-лицейі).
Ағылшын тілі пәні бойынша:
І орынға: Човдырбаева Курбанай(Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен гимназиясы);
ІІ орынға: Жарасова Айгүл(Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты);
ІІІ орынға: Туякова Акерке(Ақтау қаласы №15 орта мектеп).
Білігі мен білімі қатар сынға түскен ұстаздардың арасынан суырылып шығып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымызды құттықтаймыз!





