
Тәуелсіздіктің арқасында облыс, аудан орталықтарында тұрғын үй нысандары еңсе көтеріп, қарапайым халықтың игіліне бер ілуде. Осындай игілікті істер Қазталов ауданында да жүзіне асты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні қарсаңында Қазталов ауданы орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шарафутдинов көшесі бойынан жаңадан салынған 2 қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйдің жұмыстары сәтті аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмысына 112 млн. теңге жұмсалған.
🏘 Пәтер 12 отбасыға берілсе, оның 8-і көп балалы отбасы. Қазталовтықтардың қуанышына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ортақтасып, пәтер кілтін табыстады.
🏘 --Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Осындай қуанышты күндер ауданымызда көп болсын. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында халықтың игілі үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Қоныстарыңыз құтты болсын! - деген облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы жүргізген мердігер «Батыс КотлоМонтаж» ЖШС ұжымына алғысын білдірді.
🏘 Жаңа пәтер кілтін иеленген Рымгүл Сакетова: - Біз көп жыл бойы пәтер жалдап келдік, оның ақысын төлеу біраз қиындық келтіретін. Баспаналы болуымызға көмектескен жандарға алғысымыз шексіз. Бұл күнді ешқашан ұмытпаспыз, шексіз қуанып тұрмыз. Енді жаңа, сапалы және жайлы үйде тұратын болдық, –дейді.
🏘 Расында да жаңа үйді аралау сәтінде баспаналы болған үй иелерінің қуаныштары еселей түскенін байқадық. Қарапайым халықты қуанышқа бөлеген осындай игі істер алдағы уақытта жалғасын таба береді деген ойдамыз.



