СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

    Ауыл спортшыларының XXХІІІ-ші «Алтын күз – 2019» облыстық спартакиасының қорытындысында Сырдария ауданының құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын тұғырынан көрінді.

    Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты.

    Спорттың 16 түрінен футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шараға 1000-нан аса спортшы қатысты.

    Жарыстың нәтижесінде Сырдария ауданының баскетболдан (әйелдер), волейболдан ерлер және әйелдер командалары 1-орын иеленсе, аударыспақ, тоғызқұмалақтан 2-орынды жеңіп алды. Сонымен бірге, сырдариялық спортшылар теңге алудан 1-орын, асық атудан 3-орынды иемденді.

    Аталған спартакиадаға аудан бойынша 152 спортшы қатысты. Аудан спортшыларының биік белесті бағындыруы үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан барлық жағдайлар жасалды.

    Айта кету керек, келесі жылы ауыл спортшыларының облыстық спартакиасы Арал ауданында өтеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.