
Тұңғыш Президент – халықтың мақтанышы!
«Отаны бірдің – жүрегі бір, талабы бір»
Н.Ә. Назарбаев
Қыстың алғашқы күнін еліміздің тұрғындары салтанатты түрде қарсы алады. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Еліміздің барлық елді мекендерінде осы атаулы мерекеге орай салтанатты жиындар өткізіледі. Бұл күнге жету жолы қиындықтар мен қыспақтарға толы болды, дегенмен президенттің қолдауымен абыроймен өтті. 2012 жылдан бастап Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бұл күн – көшбасшымыз – Елбасымызға деген құрметтің белгісі, елдің құлдыраған заманынан аман-есен алып шығып, экономикалықжәне саяси дамудың жаңа деңгейіне алып шыға білді.
2019 жылдың 27 қарашасы күні «Шаңдақ негізгі мектебі» КММ «Тұңғыш Президент – халықтың мақтанышы» ұранымен мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар осы күнге байланысты барлық аудандық және мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысты. 4-6 сынып оқушылары «Елбасы – Қазақстанның қаһарманы» тақырыбында ээсе жазды. Үздік жұмыстар, соның ішінде А.Бойконың, А.Тимошенконың жұмыстары аудандық байқауға жіберілді.
Өткізілген іс-шаралардан кейін 1-9 сынып оқушыларына акт залында ҚР Тұңғыш Президенті туралы фильм көрсетілді.
Қорытындылауда оқушылар Елбасының қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасының өмірі Президенттің салиқалы саясатының арқасында жоғары деңгейге көтерілгендігі туралы айтып өтті.
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Шаңдақ негізгі мектебі» КММ ОТІ жөніндегі орынбасары
В. Малышев



