Прошел областной семинар: «Развитие трехъязычия в школе в свете выполнения Стратегии Казахстан – 2050»

    Прошел областной семинар: «Развитие трехъязычия в школе в свете выполнения Стратегии Казахстан – 2050»

    Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 2017 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан-2050 стратегиясын орындау шеңберінде мектептерде көп тілде білім беру»тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарға аудандық,қалалық білім үйлестіру орталығының әдіскерлері мен 1-сынып мұғалімдері (қазақ, орыс және ағылшын тілі) барлығы 45 мұғалім қатысты.

    Семинардың мақсаты: Білім мазмұнын жаңартудағы бірыңғай базалық оқулықтармен жұмыс жасайтын 1-сынып мұғалімдерінің қиыншылықтары мен проблемаларын анықтау, әдістемелік көмек пен қолдау көрсету.

    Семинарды Орталық директорының орынбасары Ы. Имамбаева кіріспе сөзімен ашып, білім саласындағы өзгерістер мен өзекті мәселеріне тоқталып өтті.

    Семинар бағдарламасына сәйкес, Орталықтың қоғамдық-гуманитарлық бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіскері Ж.Тоғысова «Алматы кітап» баспасының оқу-әдістемелік кешенінің маңыздылығы»,Ақтау қаласы №11 МФММ-нің бастауыш сынып мұғаліміЖолдыбаева Эльмира,Ешманова Жұлдыз Түпқараған ауданы«Ақшұқыр мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, «Қазақ тілі оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны: бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері» туралы бастауыш сынып мұғалімдеріне баяндама жасады. Мұнайлы ауданы,№12 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі 1 сыныпқа арналған «Русский язык оқулықтарының артықшылықтары мен мүмкіндіктері, Түпқараған ауданы,М.Горький атындағы мектеп лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Көптілеуова Балзия «Критериалды бағалау: қағидадан тәжірибеге», Ақтау қаласы, №6 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Т. Төлеушова «Балаларды оқу дағдыларына үйрете отырып, өзім де оқып үйренемін» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.Облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері А.Созакбаева «EDU STREAM» баспасының «Smiles 1» оқулығы және «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері республикалық сайыстың қорытындысымен таныстырды.

    Семинар соңы мұғалімдер 1-сынып оқулықтары туралы, үш тілде білім беруді дамыту барысында пікірлерін ортаға салып,қызу пікір таласқа ұласты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.