Облыстық «Отан қорғаушы» әскери – қолданбалы жарысы өтті

    Облыстық «Отан қорғаушы» әскери – қолданбалы жарысы өтті

    Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру, оқушыларымыздың елжандылық сезімдерін қалыптастыру, спорттық шеберліктерін арттыру және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін жоғары деңгейде атап өту мақсатында сәуір айының 20-сы күні Ақтау қаласы, №9 орта мектеп базасында оқушылар арасында облыстық «Отан қорғаушы» әскери – қолданбалы жарысы өткізілді.

    Жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарынан және Білім инновация мектеп-лицейінен топ құрамында 6 жас сарбазбен,барлығы 8топ(48 оқушы) қатысты.

    Маңғыстау облысының Қарулы күштері ардагерлерінің төрағасы Нұрлыбай Данабайұлы Қонақбаев және ардагерлер мүшесі Жұмабай Табнайұлы Табнаев жарысқа қатысушы жас сарбаздарға әскери істің маңыздылығын, өскелең ұрпақтың келешегі соғыссыз болып, бейбітшілік шеруінде осылай сап түзеуіне тілектестігін білдірді.

    Әскери үлгідегі киіммен жарысқа сақадай сай тұрған топтарға командир батальоны, Ақтау қаласы, №12 орта мектебінің бастапқы әскери даярлық оқытушысы Нургожин Кенжеғали Тасанович тапсырма беріп, жас сарбаздарды ойын алаңына жөнелтті.

    Жарыс ережесі бойынша жас сарбаздар топтық жарыста саптық байқау, Калашников автоматын бөлшектеп жинау бойынша сынға түсті. Сонымен қатар жеке жарыстар бойынша да қарудан ату, турникке тартылу, жүрелеп отырып жоғарыға секіру, еденге қолын тіреп, жатып тартылу және арқасымен жатып денесін көтеру, отырған тіректен жатқан тірекке ауысу сияқты жарыстар өткізілді.

    Қорытындысында облыстық «Отан қорғаушы» әскери-қолданбалы жарысының төрешілер құрамының шешімімен топтық бірінші орынды Қарақия ауданы, №3 орта мектебінің Бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Н.Джантлеуовтың жетекшілігіндегі «Қыран» тобы жеңіп алды.

    Екінші орынды Жаңаөзен қаласы, №19 орта мектебінің оқушылары, ал үшінші орынды Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептің жас сарбаздары иеленді.

    Топтық жарыстың жеңімпаздары орталықтың арнайы дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

    Сонымен қатар жекелеген жарыстар жеңімпаздары даорталықтың арнайы дипломдарымен марапатталды.

    Бірінші орынды иеленген Қарақия ауданы, №3 орта мектебінің оқушылары, 26-30 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Жеңімпаз атанған жас сарбаздардың ендігі мақсаты жан-жақты қызу дайындықтан өтіп, аймақтық жарысқа қатысып, жүлделі орынды иелену. Жеңімпаз атанған жас сарбаздарға алдағы жарыста сәттілік тілейміз.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.