«Жас сарбаз» лагері өз жұмысын аяқтады

    «Жас сарбаз» лагері өз жұмысын аяқтады

    Жас жеткіншектер арасында қазақстандық пат­ри­отизмді дамыту - басты мақсат. Осы мақсатында балалардың жазғы демалысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Арыстан» теңіз-жаттығу орталығы базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагері ұйымдастырылды.

    Лагерьге спорттық, әскери, патриоттық бағыттағы сайыстарға қатысқан облыстағы жалпы білім беретін орта мектептердің 8-9 сыныпқа өткен ер балалары қатысты.

    2017 жылдың 1-23 тамызы аралығында аудан, қалалардан келген оқушылар үшін 3 ауысым ұйымдастырылды.

    Балаларға әскери үлгідегі костюмдер таратылып, әскери казармаларда орналасты. Олар 4 мезгіл тамақтанып, түсқайта ұйықтап, түрлі даярлық жаттығулар орындап, кешкісін ән айта жүріп серуендеу сияқты шаралармен әскери өмірге бейімделді. Күн тәртібінде күнделікті таңғы жаттығулар, түске дейін оқу-жаттығулары, кешке түрлі тәрбиелік, спорттық, көңіл көтеру шаралары өткізілді.

    Әскери істің негіздері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатындатүрлі даярлық шаралары: саптық даярлық, ату даярлығы, тактикалық даярлық, әскери-медициналық даярлық бойынша оқу-жаттығу жиындары жоспарлы түрде жүргізілді. Балалар қару-жарақ, әскери техникалармен танысып, мылтық атуды, қоян-қолтық төбелес тәсілдерін үйреніп,скаладромдарда жаттықты.

    Шекара қызметін ұйымдастырудың негіздері, қазақстандық армия тарихы туралы лекция сабақтар, бейнематериалдар, фильмдер көрсетілді.

    Ауданнан келген оқушылар үшінМаңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайына, «Балдәурен» демалыс базасынаэкскурсиялар ұйымдастырылды.«Мәңгілік алау» ескерткішіне барып Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы құрбандарына тағзым етті.

    Әр ауысым бойынша ерекше белсенділік танытқан взвод командирлері, тәрбиеленушілер, сонымен қатар жарыс, сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

    23 тамыз күні лагерьдің «Кездескенше, Жас сарбаз» атты жабылу салтанаты өтті. Шара барысында балалар сапқа тұрып, автоматтарды шашып, қайта жинап,қоян-қолтық ұрыстардан көрініс көрсетіп, взвод командирлеріне арнап, музыкалық сәлемдемемен алғыстарын білдірді. Маңғыстау облысының білім басқармасы лагерь ұжымын алғыс хатпен марапаттады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.