Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы №12 орта мектепте білім беру қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі» тақырыбында тамыз кеңесі өтті

    Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы №12 орта мектепте білім беру қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі» тақырыбында тамыз кеңесі өтті

    2017 жылдың 26 тамызы күні Мұнайлы ауданы ныңАтамекен ауылындағы №12 орта мектепте білім беру қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі» тақырыбында тамыз кеңесі өтті.

    Дәстүрлі тамыз конференциясына аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы, аудандық мәслихат хатшысы Назар Бердібек Ізтілеуұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық білім басқармасының басшысы Тастемирова Зейнеп Жұмағалиқызы, мемлекеттік мекеме басшылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Боранбаева Катира Қарасайқызы, ауыл мен ауылдық округінің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен 370 аудан педагогтеры, ата-аналар, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Конференция қатысушылары аудандық «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында жасақталған қалашықта мектеп мұғалімдері мен оқушылары дайындаған бұйымдарды тамашалады.

    Конференция барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Овезов жылдың қорытынды есебімен қоса, жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттерін таныстырды.

    Күн тәртібінің барысында №5 орта мектептің директоры Ж.Бөкен, аудандық «Жастар» орталығының директоры Г.Себепбаева, №4 орта мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.Құлбарақ және №9 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері А.Шангреева өз ойларын ортаға салды.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы және Алғысымен, Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғысымен, аудандық білім бөлімінің Алғысымен білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, сырттай өткізілген «Үздік педагог-2017» байқауының жүлдегерлері, сонымен қатар 2016-2017 оқу жылында жеке кәсіби ерекшелігімен және оқушыларының жетістіктерімен 20 үздік мұғалім марапатталды.

    Білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттары негізінде жүргізілген зерделеу нәтижесінде үздік білім беру ұйымдары төмендегідей номинациялар тапсырылды.

    «Үздік шағын орталық-2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» шағын орталығы;

    «Үздік мектепке дейінгі ұйым-2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №9 «Бәйтерек» балабақшасы;

    «Өнерлі орда» номинациясымен және бағалы сыйлықпен «Өнер мектебі;

    «Дарын бастауы-2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №3 орта мектебі;

    «Эко-Дизайн-2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №10 орта мектебі;

    «Креативті мектеп -2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №12 орта мектебі;

    «Smart school» (Смарт скулл) номинациясымен және бағалы сыйлықпен №1 орта мектебі;

    «Болашақтың мектебі-2017» номинациясымен және бағалы сыйлықпен №5 орта мектебі;

    «Жыл мектебі-2017» номинациясымен, жүрмелі кубокпен және бағалы сыйлықпен Қызылтөбе лицейі;

    Аудан әкімінің кеңесшісі және ардагер мемлекеттік қызметкер Н. Қаржаубаев жас мамандарға куәлік тапсырды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.