
✅ҚР Еңбек министрлігі әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды. ✅Бұл Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін атап өтті. ✅Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. ✒Заң жобасының аясында: - Ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатын анықтау; - Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу; - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің санаттарын кеңейту; - интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльға қатысушыларын, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылады. ✅Министрдің айтуынша, 5 әлеуметтік қорғалатын санаттағы ардагерлерге: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлері;
✅Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Ауғанстандағы, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер соғыс қимылдарының ардагерлері санатына өтеді, сонымен қатар барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады.
✅Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері санатына Ауған жауынгерлерінен басқа 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдарды, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингентті қосу жоспарланып отыр.
✅Жаңадан енгізілетін санат үшін 4,8 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы белгілеу ұсынылады (2020 жылы – 12 725 теңге). Арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, аталған адамдарға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер үшін, оның ішінде тұрғын үйге кезекке қою, салық салу, тегін медициналық қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету және т.б. бойынша қолданыстағы барлық құқықтар мен кепілдіктер берілетін болады. Бұл 11 мыңнан астам адамға қатысты».
✅Сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 2,13 АЕК-тен (2020 жылы-5 647 теңге) 4,8 АЕК-ке дейін (2020 жылы-12 725 теңге) арттыру ұсынылады.
✅Бұдан басқа, әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Социалистік Еңбек Ерлері үшін Арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау ұсынылады.
✅2019 жылдғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар үшін 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді (2019 жылы – 350041 теңге).
✅Бұл «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған адамдарда және өткен жылдары елдің дамуына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлеріне жәрдемақы мөлшерінде елеулі айырмашылықтарға алып келді.
✅Осыған байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатарынан Социалистік Еңбек Ерлері, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлері үшін жәрдемақы мөлшерін 74,65 және 9,6 АЕК – тен 138,63 АЕК-ке дейін (2020 жылы-367 508 теңге) арттыру ұсынылады.


