
Бүгін Д.Құрманбек атындағы колледж ғимаратында аудандық мәслихаттың депутаты Аралбай Асан Шәуілдір ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында халық қалаулысы соңғы үш жылдағы атқарған жұмыстарының жөнінде баяндады.
Халық қалаулысы сөз барысында Шәуілдір ауыл округі бойынша көшелерді жарықтандыру, мектеп қоршаулары мен балаларға арналған ойын алаңшаларын салу, жастар және ардагерлер саябақтарын көгалдандыруға, жаңадан бой көтерген қызметтік үйлер, ауыл көшелері мен жылу жүйелерін жаңарту, қайырымдылық акциялары, көпір, спорттық нысандар салу бойынша кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстарға нақты тоқталып, үш жыл көлемінде атқарылған ауқымды істердің жалпы сомасы 3 млрд.теңгені құрағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ депутат алдағы 2020 жылы атқарылатын біршама игілікті істердің жоспары түзіліп қойғанын айта келіп, аталған шаралар Шәуілдір ауыл әкімшілігімен бірлесіп жоспарлы түрде жүзеге асады деп жиналған жұртшылықты сендірді.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.


