Ресей палуаны Роман Бобиков «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

    Ресей палуаны Роман Бобиков «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

    Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ күресі федерациясы мен «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін дамыту және қолдау қорының ұйымдастыруымен қазақ күресінен түйе палуандар арасында «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионаты өтті.

    Осымен төртінші рет өткен бәсекеде 30 елден 33 палуан бақ сынады.

    Әлемдік жарыста бірінші орынды (10 млн теңге мен алтын белбеу) ресейлік палуан Роман Бобиков қанжығасына байлады.

    Еліміз намысын қорғаған Айбек Нұғымаров екінші орынды (6 млн теңге мен күміс белбеу), Мақсат Исағабылов үшінші орынды (3 млн теңге мен қола белбеу) иеленді.

    «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы өзбекстандық Мухсин Хисомуддиновке (1 млн теңге) бұйырды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.