ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов «Жыл патриоттары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

    ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов «Жыл патриоттары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

    Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткен Республикалық Патриоттар форумына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице -министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты.

    Патриоттар форумына еліміздің әр өңірінен келген делегаттардың ішінде ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, этно-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

    Форум аясында «Жыл патриоттары» байқауының үздіктері анықталды. ҚР Мәдениет және спорт вице -министрі Н.Дәуешов жеңімпаздарды құттықтап, арнайы дипломдар тапсырды.

    Айта кетейік, форумның мақсаты – ел бірлігін нығайту, қазақстандық патриотизм ұғымын, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.