
2019 жылдың 5 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Киммен кездесу өтті.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері, Орал қаласы және аудандық ветеринария бөлімдерінің басшылары, басқарма мамандары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.
Шараны басқарма басшысы Серік Нұрмағанбетов ашып, облысымыздың эпизоотиялық ахуалымен таныстырып, басқарманың 2019 жылға қойған мақсаттарына тоқталып өтті.
Кездесу барысында бүгінгі таңда қалыптасқан ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар облысымыздың ветеринар мамандары Роман Кимге ветеринариялық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, ветеринар мамандарының мәртебісін көтеруге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.



