
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жәнеұзарту» мемлекеттік қызметті бүгінгі таңда электрондық форматта жүзеге асыру қолайлы екенін қаперіңізге береді.
Өтінішті және керекті құжаттарды жалғап электронды түрде тапсыру/ұсыну келесі:
- біріншіден, сіздің қызметкерлеріңіздің уақытын үнемдейді – өтініштікеңседен шықпай-ақ«е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасыныңwww.elicense.kz сайты арқылы ұсынуға мүмкіндік бар;
- екіншіден, шығындарды үнемдейді – қағаз, көліктіжәнет.б.
- үшіншіден, жемқорлыққа жол бермеу;
- төртіншіден,Тұңғыш ПрезидентімізН.Ә. НазарбаевтыңҚазақстанРеспубликасынақпараттандыру жөніндегі тапсырмасыныңорындалуынаөз үлесіңізді қосасыз.
Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін басшының ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба)алу,өтініштімұқият жәнеұқыптытолтыру,ПДФ форматында қосымша құжаттарды сканерлеп өтінішке жалғау керектігін ескертеміз.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу барысында ұсынылатын қажетті құжаттардың тізілімі:
1. Тартылатын шетелдік жұмыскердің біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардыңнотариат куәландырылған көшірмелері мен аудармалары.
2) Жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау және жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат.
2. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
3. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
4. Тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәлімет.
Берілген рұқсаттың қолдану мерзімін ұзарту үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізілімі:
1) Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
2) Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
3) Тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәлімет.



