
Желтоқсан айының 20-ы күні аудан әкімінің орынбасары Б. Байжантаев пен аудандық орталық аурухананың басшысы О. Мазитов Борсеңгір,Сарысу және Мибұлақ ауылдарында болып, жергілікті тұрғындарға әр сала бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б. Байжантаев ашып, бұл жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. Жиын барысында аудандық медицина саласының қызметкері М. Рақымбеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы М. Базылов өздерінің салалары бойынша оң өзгерістер жөнінде ақпараттар берді.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.


