
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша Жезқазған филиалы мамандарының қатысуымен жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов ашып, жүргізіп отырды. Сөз кезегін «БЖЗҚ» АҚ Жезқазған өңірлік филиалының директоры Қайрат Есболатовқа берді. Ол өз кезегінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналарының міндеті,ерікті зейнетақы жарналарына тоқталып, жеке зейнетақы шотындағы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алу тәсілдерін арнайы әзірленген бейнероликтер арқылы таныстырды.
Жиынға аудандық мекеме, бөлім басшылары, қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.



