ІЗГІ ҮМІТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫҚ ЖАҢА ЖЫЛДЫ

    ІЗГІ ҮМІТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫҚ ЖАҢА ЖЫЛДЫ

    Аудан орталығы мен ауыл округтеріндегі жаңа жылдық мерекелік шаралардың бірі аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтардың қатысуларымен Темір ауылының орталық алаңында өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтаған қос басшы өткен жылдың жетістіктеріне тоқталып, биылғы жылы темірлік ағайындардан барша аудан тұрғындары үлгі алуға болатындығын жеткізді.
    Ауылдың «онжылдықтар тоғысы» аясында мектепті осыдан 10,20,30 жыл бұрын бітірген түлектердің ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық отшашуды аудан әкімі мен мәслихат хатшысы көпшілікпен бірге тамашалады. Темір ауылының тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлаған шара өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.