Жаңа жылдық құттықтау

    Жаңа жылдық құттықтау

    Құрметті көпшілік!

    Сіздерді табалдырығымыздан аттап, босағамызға енген жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

    Жаңа жыл кешегіні саралап, келешекке бағдар жасап, үкілі үмітпен қадам басар кезең. Өткен, 2019 жыл еліміз үшін естен кетпес жарқын оқиғаларға толы болды. Кезектен тыс өткен сайлауда қазақстандықтар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беріп, ел тізгінін сеніп тапсырды. «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасынан туындайтын м індеттерді жүзеге асыру мақсатындағы кешенді жоспарлар қабылданды.

    Дамудың даңғыл жолында ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, биік белестерге қол создық. Тарих қойнауында қалатын ескі жыл еліміз үшін табысты жыл болды. Келер жылдан күтер үміттеріміз де көп.

    Қадірменді қауым!

    Келер жаңа жыл баршаңыздың игі істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін!

    Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін!

    Тышқан жылы - игі бастамаларға толы болсын!


    Құрметпен,
    Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.