Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қытай делегациясын қабылдады

    Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қытай делегациясын қабылдады

    Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат пен вице-министр Нұрғиса Дәуешов Қытайдың Нанкин университеті экономика мектебінің профессоры, «Үндестік мәдениеті» жеке қорының президенті Ван Гордон Гэ мен Гонконгтың мәдениет пен киноиндустрия дамыту кеңесінің төрағасы Фэн Го Ма бастаған Қытай делегациясын қабылдады.

    Кездесуде көршілес екі ел арасындағы мәдени, экономикалық байланыстар жайы сөз болды.

    Жиын басында сөз алған Ван Гэ мырза қабылдаушы тарапқа алғыс айтып, таяуда жарық көрген кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, қазақ және қытай халықтарының мәдени байланысы одан ары арта түсетініне сенім білдірді.

    Өз кезегінде Бақытжан Темірболат Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты қарым-қатынас Ұлы Жібек жолы кезеңінен бастау алатынын айта келе: «Сіздердің тараптарыңыздан түскен ұсыныстарды қарастырып, алдағы уақытта да мәдениет, туризм және спорт саласында бірлесе жұмыс істей беретінімізге сенімдімін», - деді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.