
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.
Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен
Роза Қуанышқызы Рымбаева – әнші, Алматы қаласы.
І дәрежелі «Барыс» орденімен
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова – опера әншісі, Алматы қаласы.
«Парасат» орденімен
Жоламан Кайменұлы Тұрсымбаев – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ музыкатанушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Есетжан Мұратұлы Қосыбаев – «Атамекен» одағының басқарма мүшесі, Алматы қаласы.
Скуарчапино Франка – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ костюмдер бойынша суретшісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
«Құрмет» орденімен
Берік Сәтінбекұлы Әлібай – суретші - зергер, Алматы қаласы.
Айжан Әбдіманапқызы Бекқұлова – «Қазақстан қолөнершілер одағы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласы.
Виктор Леонидович Демьяненко – «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» ҚБ вице-президенті, Алматы қаласы.
Гүлзат Бейсенқызы Дәуірбаева – «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК солисі, Алматы қаласы.
Берік Мырзалыұлы Жүсіпов – музыкатанушы, Алматы қаласы.
Мақсат Демешұлы Зәкіров – «Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі» РМҚК директоры, Алматы қаласы.
Сүлеймен Ғайыпұлы Ибрагимов – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Сапихан Идрисова – сала ардагері, Алматы облысы.
Шаяхмет Имашев – сала ардагері, Алматы қаласы.
Жаңылсын Төленбергенқызы Қажғалиева – «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК ІІ қобыз тобының әртісі, Алматы қаласы.
Сара Әділкерейқызы Күзембаева – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқытушысы, Алматы қаласы.
Татьяна Алимовна Лаврик – «Дегдар» гуманитарлық қорының мәдени жобаларын штаттан тыс режиссері, Алматы қаласы.
Галина Алексеевна Мелькова – «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған мектеп-интернаты» РММ оқытушысы, Алматы қаласы.
Талғат Маратұлы Мұсабаев – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ опера труппасының жетекші солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Флюра Борисовна Мусина – «А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі» РМҚК қор сақтаушысы, Алматы қаласы.
Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова – «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ бірінші проректоры.
Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет – «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.
Сұлтан Оңғарұлы Сраилов – «Наз» мемлекеттік би театрының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы.
Бекжан Асаубайұлы Тұрыс – «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.
Шаңғалиев Хамит Халелұлы – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ дыбыс режиссері, Нұр-Сұлтан қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Сержан Құрманбайұлы Аманқұлов – Ақтөбе облысы Т. Ахтанов театрының актеры, Ақтөбе облысы.
Бақтияр Төлепбергенұлы Әбдірашев – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ доценті, Алматы қаласы.
Айжан Рахманқұлқызы Бердібай – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ доценті, Алматы қаласы.
Динара Сүйерханқызы Базарбаева – Сахаман, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК «Forte Trio» мемлекеттік триосының әртісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Ләззат Көпжасарқызы Құдайбергенова – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Мәлік Абуханұлы Сапашев – «Қ. Мұнайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжі» РММ директоры, Нұр-Сұлтан қаласы.
Валентина Михайловна Яковенко – «Астана Балет» театры» ЖШС цех меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
«Шапағат» медалімен
Бибисара Асаубаева – шахматшы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен
Димаш Қанатұлы Құдайберген – әнші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Лаура Төлегенқызы Ахметова – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы.
Ерболат Қаршымбайұлы Ахмедьяров – «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК симфониялық оркестрінің дирижері, Алматы қаласы.
Серікжан Құтымбетұлы Әбдінұров – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ кафедра меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Петр Алексеевич Грибанов – «Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Нұржан Қабимолдаұлы Жампеиісов – «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ доценті, Нұр-Сұлтан қаласы.
Тамараасар Қалниязқызы Жанқұл – әнші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Павел Геннадьевич Драгунов – сценограф және костюмдер бойынша суретші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Нұрлыбай Есімғалиев – киноактер, Алматы қаласы.
Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек – «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК көркемдік жетекшісі, Алматы қаласы.
Гүлмира Қазиқызы Құттыбадамова – «Қазақстан хор дирижерларының» РҚБ төрайымы, Алматы қаласы.
Дамиля Аркинжанқызы Махпирова – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ оркестр концертмейстері, Нұр-Сұлтан қаласы
Дина Әзірбайжанқызы Мәмбетова – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы.
Арман Нұрмахаматұлы – хореограф, Алматы қаласы.
Раушан Жұмабекқызы Оразбаева – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Сауле Ысқакқызы Өтегалиева – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессоры, Алматы қаласы.
Ренат Салаватов – «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК дирижері, Алматы қаласы.
Елена Владимировна Семенова – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – кордебалет әртісі
Софья Иманғалиқызы Тасмағамбетова – сценограф және костюмдер бойынша суретші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Арман Алдабергенұлы Тілеубергенов – «Дегдар» гуманитарлық қорының мәдени жобалар бойынша үйлестірушісі, Алматы қаласы.
Татьяна Альбертовна Тен – «Астана Балет» театры» ЖШС жетекші балет солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен
Әлия Төкенқызы Мырзашева – «Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ доценті, Алматы қаласы.
Жанат Сеидалиева – Мәдениет және спорт министрлігі, басқарма басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Валерий Александрович Трифонов – «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ жаттықтырушы-оқытушысы, Риддер қаласы.
Александр Викторович Шведов – «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы марапатталды.



