
14 желтоқсанда Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп, отандасымыз Юлия Галышева күміс жүлдеге ие болды.
Юлия 79,8 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффоннан (81,4) кейінгі екінші сатыға жайғасса, үздік үштікті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант түйіндеді.
Ал ерлер арасында Дмитрий Рейхерд жалпы есепте 6-орын алды. Бұл сында жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбериге (86,3) күміс, қола медаль франциялық Бенжамен Кавеге (83,3) бұйырды.


