
Кентау қаласындағы Алтын сарай мейрамханасында қала әкімі Дәурен Махажановтың жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға дарынды және әлеуметтік аз қамтылған жүзге жуық бүлдіршіндер қатысты. Мерекелік кеште шаһар басшысы Дәурен Сәбитұлы мектеп өрендерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар үздіктерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті. Одан әрі Дәурен Сәбитұлы мерекенің символына айналған, көркемделіп безендірілген Жаңа жылдық шыршаны жағып берді. Шара барысында бүлдіршіндердің асыға күтетін, зор қуаныш пен шаттық сыйлайтын басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар мен жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзуға әрекеттенген зұлым ханшайымның қойылымы балаларға жол тартты. Сондай-ақ жаңа жылдық кеште балалар доңыз жылымен қоштасып, тышқан жылын қарсы алды.



