
Бүгін аудан әкімдігінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан аумағындағы екі өрт сөндіру бекеттерінің және оларға бағынысты мекемелердің өткен жылы атқарған жедел-қызметтік жұмысын қорытындылаған отырыс өтті.
Аудан әкімі Әділ Жоламановтың өзі төрағалық еткен жиналысқа арнайы келген БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев, БҚО «Өрт сөндіру және АҚЖҚ» ММ бастығы, азаматтық қорғау майоры Назарәлі Салимов және төтенше жағдайлар комиссиясы мүшелері мен шақырылған лауазымды тұлғалар қатысты.
Күн тәртібі бойынша аудандағы төтенше жағдайлар, өрт сөндіру қызметтері басшылары есеп берді.




