
«Отан отбасынан басталады», - деген жақсы мәтел барын білеміз. Осыған орай, бүгін Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы отбасылық кеңес бөлмесі өз жұмысын бастады.
Жалпы, отбасылық кеңес бөлмесінің негізгі - мақсаты жастар арасында көптеп орын алып жатқан ажырасудың алдын алу, балалардың толық жанұяда тәрбиеленуіне ат салысу, отбасының тұтастығын сақтау.
Отбасылық кеңес бөлмесінің ашылу рәсіміне аудан басшысы Марат Мелісұлы арнайы келіп, жұмыстарына табыс тіледі.
Сарқан ауданы бойынша Отбасылық кеңестің кеңесшісі, Алматы облысы мәслихатының депутаты, ардагер ұстаз Құлақметова Жамал Ағабдолдақызы отбасылық қиыншылыққа тап болған ерлі-зайыптыларға ақыл-кеңесін дау-дамайсыз шешуге бағыт-бағдар беретін болады.
Жамал Ағабдолдақызының айтуынша, «Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы және мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін әрбір жанұяның тыныштығы, берік болуы біздер үшін өте маңызды. Біздің тараптан, отбасылық өмірдің үлкен өмірлік жол екендігін әрбір жасқа түсіндіріп, үйленерден бұрын жас жұптарға жақсы кеңестер беретін болсақ, түсінбеушілік, ажырасу, баланың тағдыры, жалпы отбасылық мәселелердің дау-дамайсыз шешілетіндігіне сенімдімін». - деді.
Аталған кеңес бөлмесі Сарқан қаласы, М.Тынышбаев көшесі №8, Балалар шығармашылық үйінің, бірінші қабатындағы №1 кабинетте орналасқан.
Айта кетейік, отбасылық кеңес бөлмесі облыс көлемінде ең бірінші болып ашылды.


