
Подстепное ауылдық округі әкімі С.Мадиевтің Барбастау ауылының тұрғындарымен 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасары К.Шарафутдин, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. 2019 жылы округте экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізілгенін атап өтті..
Есепті кездесуге тұрғындар белсенді қатысып, өз сауалдарына толық жауаптар алды. Ауылдық округте жарқын істер мен жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Кездесу соңында ауыл тұрғындары округте атқарылған және атқарылмақ жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.


